Әлем тынысыБасты жаңалықтар

ЮНЕСКО төрінде қазақ әні шырқалды: Париждегі гала-концерттің сыры неде?

ЮНЕСКО штаб-пәтерінде көрнекті опера әншісі, КСРО халық әртісі Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған «Дәуір дауысы» атты салтанатты кеш өтті. Әншінің мерейтойы Қазақстанның бастамасымен 2026 жылы ЮНЕСКО көлемінде атап өтілетін атаулы даталар қатарына енгізілген болатын.

Сапар аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев ЮНЕСКО-ның бас директоры Халед әл-Ананимен кездесті. Тараптар мәдени мұраны сақтау, ынтымақтастықты дамыту және ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне жаңа нысандар ұсыну мәселелерін талқылады.

Маңызды бастамалар:

 Мұра тізімі: Қазақстан ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра орталығына «Жетісудың киелі ағаш сәулет өнері: мәдениетаралық диалог пен орнықтылық мұрасы» сериялық номинациясын алдын ала бағалауға ұсынды. Бұл тізімге Жаркент мешіті мен Вознесенск кафедралды соборы енгізілген.

 Халықаралық байланыс: Министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық мәдени мұраны халықаралық деңгейде кеңінен танытуға ерекше мән беретінін атап өтті.

Гала-концерт туралы:

Салтанатты кештің ашылуында сөз сөйлеген Арман Қырықбаев ұлы әншінің әлемнің елуге жуық елінде, соның ішінде Францияда өнер көрсеткенін еске салды.

Концерт барысында сахнада Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының солистері, хоры мен симфониялық оркестрі, сондай-ақ белгілі скрипкашы Жәмила Серкебаева өнер көрсетті. Кеште қазақ және әлемдік опера классикасының таңдаулы туындылары, соның ішінде Ермек Серкебаевтың репертуарындағы шығармалар орындалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button