Басты жаңалықтар

Көксарайда қуаныш: Отырар ауданында заманауи өрт сөндіру бекеті іске қосылды

Түркістан облысының Отырар ауданындағы Көксарай ауылында жаңа өрт сөндіру бекеті іске қосылды. Нысан «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында ашылған.

Жаңа бекет ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, өрт оқиғаларына жедел әрекет етуге және төтенше жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Ашылу салтанатына облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бағдат Чайзада, аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы және ауыл тұрғындары қатысты.

Рәсім барысында бекеттің кілті ауылдық округ әкімі Әлімжан Қалмұратұлына, ал өрт сөндіру көлігінің кілті жүргізушіге табысталды. Нысанның ашылуына үлес қосқан азаматтар марапатталды. Жеке кәсіпкер Алтай Молдалы «Мейірім» медалімен наградталды.

Көксарайдағы жаңа бекет – «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы бойынша облыста ашылған 17-ші өрт сөндіру нысаны.

Басқа жаңалықтар

Back to top button