Басты жаңалықтар
Түркістанда 246 тонна қоқыс шығарылды

5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Түркістан қаласындағы «Парасат» саябағында салтанатты іс-шара өтті.

Шара барысында экология саласына үлес қосып жүрген азаматтар марапатталды. Сондай-ақ саябақ аумағында әктеу, сырлау және тазалық жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейік, Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстар жүйелі жалғасуда. Жуырда өткен тазалық марафонына 19 мыңнан астам тұрғын мен волонтер қатысып, 6295 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 490 гектар аумақ абаттандырылып, 246 тонна қоқыс шығарылған.



