Басты жаңалықтар

Түркістанда 80 қаланың сүйегі табылды: 5 елдің ғалымдары жаппай жиналып жатыр

Сырдария бойынан 80 көне қаланың орны анықталды! Түркістанда 5 мемлекеттің ең мықты 40-тан астам ғалымы бас қосып, сенсациялық археологиялық және тарихи жаңалықтарды талқылауды бастап кетті.

Түркістан қаласында өтіп жатқан «Сырдария өзені алабының орта және төменгі ағысындағы түркі мәдениеті» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына ғалымдар, зерттеушілер мен студенттерді қосқанда 400-ден астам адам қатысуда.  

Ауқымды жиынды «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы мен Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін зерттеу орталығы (ИРСИКА) бірлесіп ұйымдастырды. Модератор — «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының басшысы Ерлан Дакенов.  

Салтанатты ашылуда Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, ИРСИКА өкілдері Женгиз Томар мен Әшірбек Муминов, ИСАМ бас хатшысы Меһмет Камил Яшароглу және ХҚТУ ректор өкілі Пейами Баттал құттықтау сөз сөйледі.

Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейдің жетекші ғалымдары Сырдария өзені бойындағы түркі-ислам өркениетінің қалыптасуын, сәулеті мен жазба мұраларын кешенді сарапқа салып жатыр.  

Сырдария алабында 80-ге жуық көне қаланың орны анықталып отыр. Отырар, Ясы, Сауран, Сығанақ секілді ұлы шаһарлар тек сауда емес, ғылым мен білімнің ордасы болғаны ғылыми тұрғыдан дәлелденуде.  

Конференцияның 4 негізгі секциясы:

• «Сырдария өңірі қалаларының материалдық мұрасы» — табылған көне қалалар мен сәулет ескерткіштері;  

• «Тарих және рухани сабақтастық» — ғасырлар бойғы өркениет сабақтастығы;  

• «Қожа Ахмет Ясауи мұрасы: жазбаша мұра және деректану» — сирек қолжазбалар құпиясы;  

• «Түркі мәдениеті және заманауи зерттеу бағыттары» — жаңа ғылыми әдістер мен озық көзқарастар.  

Бұл халықаралық форум өңірдің бай тарихи потенциалын ашып, түркі әлемінің ортақ мұрасын жаңа деңгейге көтеруге жол ашады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button