Нұралхан Көшеров Сарыағаш тұрғындарымен жүздесті: Ауданда ауыз су 100%, табиғи газ 92%-ға жетеді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сарыағаш ауданының жұртшылығымен ашық диалог форматында кездесу өткізді. Өңір басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін баяндап, тұрғындардың сауалдарына жауап берді.
9 айдың қорытындысы бойынша Сарыағашта жалпы өңірлік өнім көлемі 379,5 млрд теңгені құрап, 144 пайызға артқан. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында да тұрақты өсім байқалады.
Кездесуде халықты толғандырған өзекті инфрақұрылымдық жобалардың орындалу барысы айтылды:
• Ауыз су мен газ: Жыл соңына дейін «Самал-3» шағынауданы толық ауыз сумен қамтылады. Құрысай, Тасқұдық және Сарысу елді мекендеріне табиғи газ беріледі. Нәтижесінде ауданда ауыз сумен қамту деңгейі 100%, ал табиғи газбен қамту 92%-ға жетеді.
• Стратегиялық жолдар: Аудан аумағында «Дарбаза-Мақтаарал» теміржол желісінің құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ қала маңындағы кептелісті азайтатын ұзындығы 102 шақырымдық Сарыағаш айналма жолының құрылысы қарқынды жүргізілуде (2029 жылы пайдалануға беріледі).
• Балалар мен спорт алаңшалары: Жыл соңына дейін 18 елді мекенде 31 спорт және ойын алаңшасы іске қосылады.
• Білім мен мәдениет: Сарыағаш қаласында 600 орындық Оқушылар сарайының құрылысы жүріп жатыр (келесі жылдың І жартыжылдығында ашылады).
Нұралхан Көшеров тұрғындарды «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасына белсене қатысуға чақырды. Айта кету керек, «Үлгілі ауыл» конкурсында жүлдегер атанған Мәдіниет ауылында су жаңа спорт алаңшасы, ал Қызылжар ауылында жаңа спорт кешені жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.
Былтырғы кездесуде көтерілген 42 мәселенің 38-і толық орындалғаны хабарланды. Жиын соңында облыс әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.



