Басты жаңалықтар
77 заңсыз жанармай тасымалы анықталды

Түркістан облысында жанармай бағасын тұрақтандыру және мұнай өнімдерінің заңсыз тасымалына қарсы бақылау күшейтілді.

Қазығұрт пен Сарығаш аудандарында жүргізілген мониторинг барысында жанармай бағасын негізсіз өсірмеу және заңсыз тасымалдың алдын алу бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ, «Қапланбек» шекара бекетінде кедендік бақылау күшейтіліп, жанар-жағармай тасымалдайтын көліктер тексерілуде.
Жыл басынан бері:
77 заңсыз тасымалдау дерегі анықталды;
4,2 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.
Мамандардың айтуынша, өңірдегі жанармай нарығындағы ахуал тұрақты бақылауда.



