Басты жаңалықтар

GGG тарихта

Геннадий Головкин Мұхаммед Әли мен Тайсонның қатарына қосылды

Қазақстандық кәсіпқой бокс аңызы Геннадий «GGG» Головкин әлемдік спорт тарихында жаңа белесті бағындырды. АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Канастота қаласында өткен ресми шарада оның есімі Халықаралық бокс даңқы залына (IBHOF) ресми түрде енді.

Головкин бұл беделді қауымдастыққа алғашқы мүмкіндіктен-ақ қабылданды. Бұл — кәсіби бокс әлеміндегі ең жоғары құрмет пен оның шаршы алаңдағы үстемдігінің ресми мойындалуы. Енді отандық былғары қолғап шеберінің есімі Мұхаммед Әли, Майк Тайсон, Флойд Мейвезер және Мэнни Пакьяо секілді бокс тарихының ең ұлы тұлғаларымен бір қатарда тұр.

Геннадий Головкиннің бұл мәртебеге ие болуы кездейсоқтық емес. Оның спорттық көрсеткіштері таңдай қақтырады. Әуесқой бокста 350 жекпе-жек өткізіп, оның 345-індежеңіске жеткен.Кәсіпқой бокста XXI ғасырдағы орта салмақтың абсолютті патшасына айналды. 45 жекпе-жектің 42-сінде жеңіске жетіп, оның 37-сін нокаутпен аяқтаған. Кәсіпқой мансабында WBA, WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанып, беделді The Ring журналының белбеуін иеленді.

Сондай-ақ, ол ұзақ уақыт бойы салмақ дәрежесіне қарамастан әлемнің ең үздік боксшыларының (Pound-for-Pound) көшін бастап тұрды. Головкиннің Даңқ залына енуі — оның әлемдік спорттағы феномен екенін ресми бекіткен тарихи сәт.

Басқа жаңалықтар

Back to top button