Басты жаңалықтар

Кенауда 1,5 млрд теңгеге қандай зауыт салынды?

Түркістан облысының Кентау қаласында металл құрылымдары мен бұйымдарын шығаратын жаңа зауыт іске қосылды. «АйдарСтройГрупп» ЖШС жобасына 1,5 млрд теңге инвестиция салынып, 30 жаңа жұмыс орны ашылды.

Кәсіпорын жылына 100 дана өнім шығаруға қауқарлы. Зауытқа индустриялық аймақтан 1,5 гектар жер бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталған. Негізгі жабдықтар орнатылып, электр желісі тартылған.

Зауыттың ашылу рәсіміне Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысты. Жұмыс сапары барысында ол Кентаудағы индустриялық аймақты аралап, жауаптыларға жаңа өндіріс орындарын ашу жұмысын күшейтуді тапсырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button