Басты жаңалықтар
Мақтааралда мақтаны майға айналдыратын зауыт іске қосылды
Түркістан облысының Мақтаарал ауданында мақта майын өндіретін жаңа зауыт іске қосылды. «Хамро ата» ЖШС-нің «TABIGI MAY» кәсіпорнына 1,5 млрд теңге инвестиция салынып, 36 тұрақты жұмыс орны ашылды.

Жаңа өндіріс орны мақтаны өңдеп, одан май алуға бағытталған. Кәсіпорынның іске қосылуы ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу мен жергілікті өндірісті дамытуға мүмкіндік береді.
Зауыттың ашылу рәсіміне Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысты. Ол отандық өндірісті дамытып, мақтаны өңірдің өзінде дайын өнімге айналдырудың маңызын атап өтті.
Жаңа кәсіпорын Мақтаарал ауданындағы өндіріс әлеуетін арттыруға және тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға бағытталған.



