Басты жаңалықтар
Бәйдібекте 180 млн теңгеге екі ойын алаңы ашылды
Түркістан облысының Бәйдібек ауданындағы Ақбастау және Бірлік ауылдарында жаңа балалар ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді.

Әлеуметтік нысандар «Абу-Даби» қорының қаржыландыруымен салынды. Жобаның жалпы құны – 180 млн теңге.
Ашылу салтанатына аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков, «Түркістан» кооперативтік әлеуметтік даму қорының директоры Мақсат Раманқұлов, «Абу-Даби» қорының өкілі Абдулазиз Саид Али Амер Әл Заиди және жергілікті тұрғындар қатысты.
Бұдан бөлек, ауданның ауылдық елді мекендерінде тағы 16 балалар және спорт алаңшасын салу жоспарланып отыр.
Жаңа алаңдар ауыл балаларының бос уақытын тиімді өткізуіне, спортпен шұғылдануына және салауатты өмір салтын ұстануына мүмкіндік береді.



