Басты жаңалықтар
Түркістанда «Гүлдер патшайымы» референдумда дауыс берді

Бүгін өтіп жатқан республикалық референдумда Түркістан қаласының тұрғындары белсенділік танытуда. Қаладағы №136 дауыс беру учаскесіне «Гүлдер патшайымы» келіп, өз таңдауын жасады, деп хабалайды turkistanlife.kz

Жалпы Түркістан қаласында референдум өткізу үшін 65 дауыс беру учаскесі ұйымдастырылған. Барлық учаскелер қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етіліп, дауыс беру процесі талапқа сай жүргізілуде.
Таңғы сағат 07:00-ден бастап тұрғындар дауыс беру учаскелеріне келіп, азаматтық белсенділігін көрсетіп жатыр. Қала тұрғындары отбасымен, қариялар мен жастар бірге келіп, ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға өз үлестерін қосуда.



