Басты жаңалықтар

МӘМС – сапалы медициналық көмектің кепілі

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі енгізілгеніне биыл алты жыл толды.

Осы уақытішінде денсаулық сақтау саласында ауқымды өзгерістержүзеге асып, халыққа көрсетілетін медициналық көмектіңқолжетімділігі мен сапасы айтарлықтай жақсарды.

2026 жылдың алғашқы алты айында Түркістан облыстықфилиалының атқарған жұмыстары, МӘМС жүйесіндегінегізгі өзгерістер, сақтандырылмаған азаматтардыңмәселесі және алдағы жоспарлар туралы «Әлеуметтікмедициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысыбойынша филиалының директоры БақытИсмаханбетовпен сұхбаттастық.

Қазір Түркістан облысында МӘМС жүйесіндесақтандырылмаған қанша адам бар?

Бүгінде Түркістан облысында медициналық ұйымдарға 2 085 921 тұрғын тіркелген. Оның ішінде 1 779 672 адамнемесе 85,3 пайызы МӘМС жүйесінде сақтандырылған. Ал 306 249 тұрғын (14,7%) сақтандырылмаған. Олардың247 945-і немесе 80 пайызы ауылда тұрады.

2024 жылдың қаңтар айында МӘМС жүйесіндесақтандырылмағандар саны 410 950 адамды құраса, 2026 жылдың маусымында бұл көрсеткіш 302 631 адамға дейінтөмендеді. Яғни, сақтандырылмаған азаматтар саны 26,4%-ға, немесе 108 319 адамға азайды.

2024–2026 жылдардағы көрсеткіштерге жүргізілген талдауәр жылдың қаңтар және шілде айларындасақтандырылмаған азаматтар саны көбейетінінкөрсетті.Бұған бірнеше себеп бар. Атап айтқанда, жұмысберушілер, жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары жәнеазаматтық-құқықтық шартпен жұмыс істейтін тұлғалардыңалты айға алдын ала төлеген МӘМС жарналарыныңмерзімі осы кезеңде аяқталады.

Облыста мыңнан астам білім беру ұйымында 80 мыңнанастам қызметкер еңбек етеді. Талдау барысында кейбірбілім беру ұйымдарында ұзақ мерзімді еңбек демалысыкезеңінде қызметкерлер үшін МӘМС жарналары ай сайынемес, уақытылы төленбейтіні анықталды. Соныңсалдарынан көптеген педагог пен қызметкерсақтандырылған мәртебесінен айырылып отыр.

Сонымен қатар жұмыс берушілердің қызметкерлер туралымәліметтерді мемлекеттік ақпараттық жүйелерге уақытындаенгізбеуі де сақтандыру мәртебесінің өз уақытындажаңартылмауына әсер етеді.

Құзырлы мемлекеттікоргандардың ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтер де тұрақты түрде жаңартылып отырмаса, азаматтың МӘМС мәртебесі тоқтатылуы мүмкін.

Тағы бір өзекті мәселемемлекет есебіненсақтандырылатын 14 жеңілдік санаты бойыншамәліметтердің толық әрі уақытылы жаңартылмауы. БұлЕңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігініңдеректер базасының басқа мемлекеттік ақпараттықжүйелермен толық интеграцияланбауына байланыстытуындап отыр.

Соңғы уақытта жұмыссыз жүкті әйелдердіңсақтандырылған мәртебесін алу мәселесі де жиі көтерілуде. Заңнамаға сәйкес, жүкті әйел 12 аптаға дейін емханағатіркелгеннен кейін 3–5 жұмыс күні ішінде «жұмыссызжүкті әйел» мәртебесін алуы тиіс. Алайда Денсаулық сақтаужәне Еңбек министрліктерінің ақпараттық жүйелеріарасындағы интеграцияның толық болмауы мен техникалықақаулардың салдарынан бұл процесс кейде кешігеді. Бұлжүкті әйелдердің маңызды медициналық тексерулерденуақытылы өтуіне кедергі келтіріп, ана мен бала денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.

Осы жылдың басынан бері Қорға CRM желісі арқылы жеңілдік санаттар уақытша сақтандырылған статусын алуы үшін жалпы 203 өтініш жолдаған. Оның ішінде, жүкті әйелге қатысты 150 өтініш қаралып, заң талаптарына сәйкес келген 8 адамға жұмыссыз жүкті әйел мәртебесі 1 айға уақытша берілген.

Жұмыспен қамтылмаған сақтандырылмаған азаматтардыңсаны 177 413 адамды құрады. Бұл өткен кезеңменсалыстырғанда 13 059 адамға көп. Сонымен біргеТүркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру жәнеәлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбекмобильділігі орталығы» коммуналдық мемлекеттікмекемесі, «Оңтүстік Жарық Транзит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Түркістан қаласындағы филиалы, «РЕНЕКО КАЗАХСТАН» жеке мекемесі, «SMART — OIL» ЖШС, «SK GeoKart» ЖШС   5706 қызметкер үшін МӘМС жарналарын әлі күнге дейін төлемеген.

Сонымен қатар Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылдыңмаусым айынан бастап жеке кәсіпкерлерге, жекепрактикамен айналысатын тұлғаларға және мемлекеттікмекемелерге жеке кабинеттері арқылы МӘМС бойыншаберешек туралы хабарламалар жолдай бастады. Егерхабарлама жіберілгеннен кейін 30 күн ішінде берешекөтелмесе, заңнамаға сәйкес есепшоттарға шектеу қойылады. Ал салық органдарына уақытында жүгінген жағдайда бұлмәселе шешіледі.

Қор сақтандырылмаған азаматтардың санын азайтумақсатында жергілікті атқарушы органдармен, жұмыспенқамту бөлімдерімен және медициналық ұйымдарменбірлесіп жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Негізгі мақсатәрбір тұрғынды МӘМС жүйесіне тартып, сапалы әріқолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз ету.

Биылдан бастап МӘМС жүйесінде қандай маңыздыөзгерістер енгізілді?

– 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап МӘМС туралы заңғаенгізілген өзгерістерге сәйкес, жергілікті бюджет есебіненазаматтардың жаңа санаттары үшін медициналықсақтандыру жарналары төлене бастады.

Жаңа өзгерістер екі санаттағы азаматтарды қамтиды. Біріншісіжұмыспен қамту орталықтарында ресмижұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар. Екіншісіәлеуметтік әл-ауқатының дағдарыстық (D) және шұғыл(E) деңгейіне жататын, жұмыс істемейтін әрі соңғы үш ай ішінде міндетті зейнетақы жарналарын аудармағаназаматтар. Бұлбұрын мемлекет есебінен сақтандырылмайкелген, бірақ әлеуметтік қолдауды қажет ететін жаңа санат.

Ресми жұмыссыздардың МӘМС жарналары жергіліктібюджеттен автоматты түрде ай сайын төленеді. Ал D және E санатындағы азаматтар медициналық көмекке алғаш ретжүгінген сәттен бастап сақтандырылып, келесі жылдың осы кезеңіне дейін, бір жылға олардың жарналары жергіліктібюджет есебінен аударылады.

Жұмыссыз адамдар бойынша деректерді, сондай-ақәлеуметтік әл-ауқаттың дағдарыстық немесе шұғылдеңгейіне жататын жұмыс істемейтін адамдар бойыншамәліметтерді Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіқалыптастырады және қорға береді. ЯғниҚор осы жеңілдіктегі санаттарды қалыптастырмайды, бірақЕңбек министрлігінің тізіміндегі адамдарға шартты түрде 3 айға мәртебе беріледі.

Осыған байланысты медициналық ұйымдар ресмижұмыссыздар мен D және E санатына жататын азаматтардыдер кезінде анықтап, олардың МӘМС жүйесі арқылымедициналық көмек алуына жағдай жасауы қажет.

Бүгінде Түркістан облысында жұмыспен қамтуды үйлестіружәне әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 72 051 ресмижұмыссыз азамат үшін 425,5 млн теңгеден астам МӘМС жарнасын төлеген. Ал D және E санатындағы медициналықкөмекке жүгінген 796 азаматқа 4,7 млн теңге көлеміндежарна аударылды.

Маусым айының қорытындысы бойынша облыста D санатында – 78 563, E санатында – 16 471 азаматтіркелген. Жалпы саны 95 034 адам, бұл өңірдегі сақтандырылмаған тұрғындардың шамамен 31 пайызынқұрайды.

Биыл Қормен қанша медициналық ұйым келісімшартжасасты? Бұл өткен жылмен салыстырғанда өзгерді ме?

Биыл Түркістан облысында 186 медициналық ұйымменмедициналық қызмет көрсету жөнінде келісімшартжасалды. Оның ішінде мемлекеттік және жекеменшікмедициналық ұйымдар бар.

Өткен жылы Қормен 196 медициналық ұйым жұмысістеген болса, биыл олардың саны 186-ға дейін қысқарды.

Дегенмен, Қор үшін медициналық ұйымдардың саны емес, ең алдымен көрсетілетін қызметтің сапасы маңызды. Сондықтан келісімшарт жасау кезінде ұйымдардыңматериалдық-техникалық базасы, кадрлық әлеуеті жәнелицензиялық талаптарға сәйкестігі жан-жақты бағаланады.

Ауыл тұрғындары мен мектеп оқушыларынакөрсетілетін медициналық көмек қалайқаржыландырылады?

Ауыл тұрғындары мен мектеп оқушыларына медициналықкөмек Тегін медициналық көмектің кепілдік берілгенкөлемі (ТМККК) және МӘМС жүйесі арқылықаржыландырылады.

2026 жылы Түркістан облысында алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетуге 60 млрд теңгеден астамқаржы бөлінді. Оның басым бөлігі ауылдық жерлердегіемханалар мен дәрігерлік амбулаториялардың қызметінқаржыландыруға бағытталды.

Қазіргі таңда облыста 1,6 миллионнан астам ауылтұрғыны алғашқы медициналық-санитариялық көмекұйымдарына тіркелген. Сонымен қатар 247 500 мектепоқушысы профилактикалық медициналық тексерулерденөтіп, қажет болған жағдайда бейінді мамандардыңқабылдауына жіберіледі.

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасыаясында Сайрам, Сарыағаш, Жетісай және Ордабасыаудандық ауруханалары көпбейінді орталық аудандықауруханалар деңгейіне көтерілді.

Соның нәтижесінде бұрын тек облыс орталығындакөрсетілген бірқатар жоғары технологиялық медициналыққызметтер бүгінде аудан тұрғындары үшін де қолжетімдіболды. Бұл әсіресе шалғай ауыл тұрғындарына сапалымедициналық көмекті өз өңірінде алуға мүмкіндік беріпотыр.

Аталған ауруханалар кезең-кезеңімен заманауимедициналық жабдықтармен қамтамасыз етілуде. Бүгіндеоларда инсульт орталықтары, интервенциялық кардиология бөлімшелері, травматология, хирургия, оңалту, паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім бөлімшелеріжұмыс істейді. Сонымен қатар КТ, МРТ, ангиограф, мобильді ангиограф және сараптамалық деңгейдегіультрадыбыстық зерттеу аппараттары орнатылған.

Қор мәліметінше, осы жоба аясында аталған төрт аудандықауруханаға 2025 жылы ТМККК шеңберінде 844 млн теңгеден астам, ал 2026 жылы 1,5 млрд теңгеден астамқаржы бөлінген.

Ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасы да тұрақты түрде жаңартылып келеді. Бұдан бөлек, 13 мобильді медициналық кешен шалғайелді мекендерге барып, жыл сайын 239 мыңнан астамтұрғынды профилактикалық тексеруден өткізеді.

МӘМС жүйесінің арқасында ауыл тұрғындарыкомпьютерлік және магниттік-резонанстық томографиядан, қымбат диагностикалық зерттеулерден, бейіндімамандардың кеңесінен, жоспарлы операциялар мен медициналық оңалтудан қосымша ақысыз өте алады.

Алдағы уақытта ауыл медицинасын дамыту, кадр тапшылығын азайту, медициналық ұйымдарды заманауиқұрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жәнепрофилактикалық қызметтердің қолжетімділігін арттыружұмыстары жалғасады.

Шетел азаматтары Қазақстанда медициналық көмектіқалай ала алады? Олар үшін қандай тәртіпқарастырылған?

Соңғы уақытта Қорға Қазақстанда тұратын шетелазаматтарынан МӘМС жүйесіне қатысты сұрақтар жиітүсуде.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ҚазақстанРеспубликасында тұрақты тұруға рұқсаты (ықтиярхаты)бар шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және қандастарМӘМС жүйесінде Қазақстан азаматтарымен бірдейқұқықтар мен міндеттерге ие.

Шетел азаматы тұрақты тұруға рұқсат алғаннан кейін оныңмәліметтері мемлекеттік ақпараттық жүйелерге енгізіледі. Осы ақпарат негізінде МӘМС жүйесіндегі сақтандырумәртебесі қалыптастырылады. Бұдан кейін азаматтұрғылықты жері бойынша емханаға тіркеліп, заңнамадакөзделген тәртіппен медициналық көмекті пайдалана алады.

Балаларға көрсетілетін медициналық көмек мәселесінетоқталсақ, азаматтығына қарамастан барлық балаға жеделжәне шұғыл медициналық көмек тегін көрсетіледі.

Егер шетел азаматы Қазақстанда тұрақты тұрса немесеуақытша тұруға рұқсаты болып, МӘМС жүйесіне қатысса, оның баласы да сақтандыру аясындағы медициналыққызметтерді толық көлемде пайдалана алады.

Ал елімізде уақытша жүрген шетел азаматтарыныңбалалары жоспарлы медициналық көмекті, негізінен, ақылытүрде немесе ерікті медициналық сақтандыру полисіарқылы алады.

Яғни, шұғыл медициналық көмек барлық балалар үшінқолжетімді болса, жоспарлы ем алу азаматтың құқықтықмәртебесіне және МӘМС жүйесіне қатысуына байланыстыжүзеге асырылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button