Басты жаңалықтар

300 жылға жететін көмір қоры

Қазақстан көмір өндірісін күшейтіп, салаға жарты триллион теңгеден астам инвестиция тартпақ. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі хабарлады.

2025 жылдың қорытындысында елде 115 млн тонна көмір өндірілді. Бұл — бір жылдағы өсім 7%. Оның 85 млн тоннасы ішкі нарық пен коммуналдық қажеттіліктерге бағытталса, 30 млн тоннасы экспортталған.

Қазақстан көмірін қазір Ресей, Польша, Өзбекстан, Түркия, Үндістан және Малайзия сатып алып отыр.

2026 жылы өндіріс көлемін 128,9 млн тоннаға жеткізу жоспарланған. Қазір көмір өндірумен 40 жер қойнауын пайдаланушы айналысады.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, салаға тартылатын инвестиция көлемі де артып келеді:
2025 жылы — 305 млрд теңге
2026 жылы — 553 млрд теңге

Биыл жыл соңына дейін 10 көмір кен орны бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына аукцион өткізу жоспарланған.

Қазақстан көмір қоры бойынша әлемде 10-орында тұр. Елдегі 33,6 млрд тонна қор қазіргі өндіріс көлемімен есептегенде 300 жылдан астам уақытқа жетеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button