Бұл жемістер ешқашан бұзылмайды
Отырардағы жаңа зауыт тәулігіне 100 келі өнімді «ғарыштық» технологиямен дайындайды

Отырар ауданында ауыл шаруашылығы саласында нағыз технологиялық төңкеріс орын алуда. Қарғалы ауылдық округіндегі «Отырар» индустриалды аймағында орналасқан өндірістік паркте құны 305 миллион теңгені құрайтын 5 бірдей ірі инвестициялық жоба сәтті жүзеге асырылды. Бұл өңірдегі кәсіпкерлікті жаңа деңгейге көтеру бағытындағы жүйелі жұмыстардың жемісі.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу жөніндегі тапсырмасы аясында ашылған бұл парктің жұмысымен аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы арнайы барып танысты. Сапар барысында өндірісті ұлғайту, кәсіпкерлерге инфрақұрылымдық және құқықтық қолдау көрсету мәселелері талқыланып, сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.
Өндірістік парктің ең таңсық әрі маңызды жобаларының бірі – «Eliko Snacks» ЖШС-нің кептірілген жеміс өндіру кәсіпорны. Мұнда жемістерді кептірудің ерекше тәсілі қолданылады.
Қазіргі таңда кәсіпорында 5 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. Заманауи қондырғылармен жабдықталған өндіріс орны тәулігіне 100 келіге дейін дайын кептірілген жеміс өнімін шығаруға қауқарлы.
Аудан басшылығы бұл бастамалар аймақ экономикасын серпілтіп, нарықты отандық табиғи өніммен қамтамасыз етуде үлкен рөл атқаратынын атап өтті.



