Басты жаңалықтар

Түркістанда «Қазақстанның үздік тауары – 2026» көрме-конкурсының жеңімпаздары марапатталды

Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» кешенінде отандық өндіріс пен кәсіпкерлікті дамытуға арналған «Қазақстанның үздік тауары – 2026» өңірлік көрме-конкурсы өтті. Шараға облыстың 200-ден астам тауар өндірушісі қатысып, өз өнімдерін көпшілік назарына ұсынды.

Салтанатты жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Қанат Шарлапаев және іскерлік қауымдастық өкілдері қатысты. Өңір басшысы өз сөзінде облыстағы кәсіпкерліктің қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Қазіргі таңда өңірде 200 мыңға жуық орта және ірі кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді.

🏆 Байқау жеңімпаздары:

Конкурс қорытындысы бойынша үздіктер мынадай номинациялар бойынша марапатталды:

  • «Халыққа арналған үздік тауарлар»: «Балмұздақ» ЖШС (Төлеби ауданы), «Идеал Туркестан» ЖШС (Түркістан қ.) және «Divalux» ЖШС (Сауран ауданы).

  • «Өндірістік бағыттағы үздік тауарлар»: «Ақбастау» Бірлескен кәсіпорны» АҚ (Созақ ауданы), «Ордабасы құс» ЖШС (Ордабасы) және «Zhanassyl» ЖШС (Мақтаарал).

  • «Үздік азық-түлік тауарлары»: «Алекс» ЖШС (Сарыағаш ауданы), «Асыл-LTD» ЖШС және «Әлихан-Ата» ЖК (Түркістан қ.).

Сондай-ақ экспорт бағыты бойынша 3 кәсіпорын және өңірлік номинациялар бойынша 15 жеңімпаз марапатталды.

🌐 «Made in Turkistan: Export Forum 2026»

Көрменің басты ерекшелігі – тек өнімдерді көрсетумен шектелмей, кәсіпкерлердің іскерлік байланыс орнатуына жағдай жасалуы. Шара аясында өткен экспорттық форумда отандық өнімді сыртқы нарыққа шығару, логистика және сертификаттау мәселелері талқыланды.

Кәсіпкерлер Қазақстанның ірі сауда желілерімен қатар, Өзбекстан, Қырғызстан және Қытайдан келген шетелдік серіктестермен B2B форматында тікелей келіссөздер жүргізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button