Басты жаңалықтар

Ішкі саясат саласының өзекті мәселелері талқыланды

Сарыағаш ауданында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен ішкі саясат мәселелері жөнінде көшпелі отырыс өтті. Жиынға тиісті мемлекеттік органдардың басшылары мен өкілдері қатысты.
Басқосуда Мемлекет басшысының бастамалары мен тапсырмаларын сапалы әрі тиімді орындау;
Жастар саясатын жүйелі түрде іске асыру;
Өңірдегі құқық бұзушылықтардың алдын алу және оған жол бермеу;
Қоғамдық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Отырыс барысында жауапты басқармалар мен мекемелердің атқарған жұмыстары тыңдалып, профилактикалық шаралардың тиімділігін арттыру жолдары талқыланды. Көтерілген мәселелер бойынша нақты ұсыныстар ортаға салынды.
Облыс әкімінің орынбасарының тапсырмалары:
Жиын соңында Ертай Алтаев қоғамдық қауіпсіздік пен тұрақтылықты бақылауда ұстауды, барлық түйткілді мәселелерді жедел зерделеп, оларды шешу бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ жауапты сала өкілдеріне ішкі саясат бағытын одан әрі жетілдіруге қатысты бірқатар нақты міндеттер жүктеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button