Басты жаңалықтар
Велоәуесқойларға жақсы жаңалық

Қалада бір өзгеріс байқалмай ма? Көшелерде жаңа сызықтар, жаңа қозғалыс…

Сөйтсек, Түркістан веложолдарын жаңартып жатыр екен.
Қазірдің өзінде Б.Саттархаев даңғылы бойында 8,5 шақырым веложол ретке келтіріліп жатыр.

Бірақ бұл тек бастамасы ғана.
Қызылорда тас жолы — 12 км
Кентау тас жолы — 3,5 км
Байбүрт көшесі — 1 км
С.Қожанов көшесі — 1,5 км
Яғни, қалада велосипедке арнайы «жол» көбейіп келеді.
Баяғыдай тек көлік емес, енді велосипед те толыққанды қатысушы болады.

Қазір жұрт екіге бөлініп жатыр:
бірі — «өте дұрыс, экология үшін жақсы» десе,
екіншісі — «бұл бізге қаншалықты керек?» дейді.
Ал сен қалай ойлайсың: Түркістан шынымен велоқалаға айнала ала ма?



