Басты жаңалықтар
Президент Жолдауына сай: Мақтааралда 31 млн долларлық зауыт жобасы қолға алынды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамыту міндетін көтерді. Осы бағытта Түркістан облысының Мақтаарал ауданында ұн және май өндіретін агроөнеркәсіптік кешен жобасы қолға алынды.

Жобаның жалпы құны – 31 млн АҚШ доллары. Кәсіпорын құрылысын 2026–2028 жылдары жүзеге асыру жоспарланған. Бұл мәселе Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің «Interexport» ЖШС құрылтайшысы Башир Ахмад Ахмадимен кездесуінде талқыланды.
Жоспар бойынша, зауыт тәулігіне 1 500 тонна ұн және 300 тонна май өндіреді. Сондай-ақ тәулігіне 1 000 тонна ұнды қаптайтын арнайы желі орнатылады.
Кәсіпорын іске қосылғанда шамамен 120 адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп күтілуде.



