Басты жаңалықтар

Шекара маңындағы алып кешен

Сарыағашта 2000 ірі қараға арналған құпия алаң кімді асырап отыр?

Сарыағаш ауданында ішкі нарықты отандық етпен қамтамасыз ететін ірі инвестициялық жоба қарқынды жұмыс істеп жатыр. Келес елді мекенінде орналасқан «KZ-21» мал бордақылау кешенінде қазіргі уақытта қазақтың ақбас тұқымды 1000 бас ірі қара малы бағылуда, деп хабарлайды тілшіміз.

Аудан әкімі Арман Абдуллаев аталған мал бордақылау алаңына арнайы барып, кәсіпорынның өндірістік әлеуетін өз көзімен көрді. Сапар барысында өңірдегі ет өндірісі көлемін арттыру және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері талқыланды.

Бұл мал бордақылау алаңы 2021 жылы іске қосылған. Шаруашылықтың қуаттылығы өте жоғары. Кешен бір уақытта 2000 бас ірі қара малды қабылдауға қауқарлы. Қазіргі таңда оның тең жартысы, яғни 1000 бас «қазақтың ақбас» бұқалары бордақыланып жатыр. Мұнда 10 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған.

Кәсіпорын директоры Қайрат Тастанбековтың сөзінше, кешенде малдарды күтіп-бағу, азықтандыру және ветеринариялық бақылау жұмыстары халықаралық талаптарға сай жүргізіледі.

Аудан басшысы Арман Абдуллаев бұл бастаманың маңыздылығын атап өтіп, жергілікті билік тарапынан мал шаруашылығын дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларға алдағы уақытта да жүйелі қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button