Басты жаңалықтар

Ұлттық экономика вице-министрі Түркістандағы 289 шаруашылықты қолдау жобасымен танысты

Түркістан облысының Сауран ауданында ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып, табысын арттыруға бағытталған «Ауылды дамыту командасы» жобасы жүзеге асырылып жатыр.

Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков бастаған оннан астам өңірдің делегациясы жобаның жұмысымен танысты. Пилоттық жоба Бабайқорған ауылдық округіндегі төрт елді мекенді қамтиды. Мұнда 6 920 тұрғын және 960 жеке қосалқы шаруашылық бар.

Жоба аясында тұрғындардың қажеттілігі анықталып, оларды жұмысқа орналастыру, кәсіптік оқыту және кәсіп ашуға қолдау көрсету көзделген. Мамандар құжат рәсімдеу мен бизнес-жоспар әзірлеуге де көмектеседі.

Сондай-ақ «Бауыржан» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі арқылы 289 жеке қосалқы шаруашылықтың өнімін өткізуге жағдай жасау және бес адамды жұмыспен қамту жоспарланған.

Сапар барысында делегацияға ауыл тұрғындарының табысын арттыру және жергілікті шаруашылықтардың мүмкіндігін пайдалану жолдары таныстырылды. Жоба тәжірибесін өзге өңірлерде де қолдану жоспарланып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button