Басты жаңалықтар

САУРАНДА ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ БАСТАЛДЫ: АЛҒАШҚЫ САЙЛАУШЫЛАРҒА КОНСТИТУЦИЯ КІТАБЫ ТАБЫСТАЛДЫ

  Сауран ауданының Шорнақ ауылдық округіне қарасты Шорнақ елді мекеніндегі №67 сайлау учаскесінде Құрылтай сайлауына дауыс беру рәсімі таңғы сағат 07:00-де басталды. Ерекше шара барысында дауыс беруге алғашқылардың бірі болып келген бес сайлаушыға жаңадан қабылданған Конституцияның кітап нұсқасы естелік сыйлық ретінде табысталды.
Аталған бастама азаматтардың ел өміріндегі маңызды саяси үдеріске белсенді қатысуын атап өтуге және Ата заңға деген құрметті арттыруға бағытталған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, сайлау процесіне бейжай қарамау – әрбір саналы азаматтың басты жауапкершілігінің маңызды көрінісі. Себебі әрбір азаматтың таңдауы елдің ертеңгі болашағын айқындауға тікелей үлес қосады.
Бүгінгі маңызды саяси науқанға өңір тұрғындары жоғары белсенділік танытып жатыр. Айта кетейік, Сауран ауданында барлығы 42 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Ал жалпы бұл ауданда дауыс беру құқығына ие 53 310 тұрғын тіркелген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button