Басты жаңалықтар

Тоқаев халыққа Жолдауында Түркістандағы мақта кластерін ерекше атап өтті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеудің маңызын атап өтіп, Түркістан облысында жүзеге асырылып жатқан мақта-тоқыма кластерін мысалға келтірді.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қытайдың Xinjiang Lihua компаниясы өңірде суды тиімді пайдаланатын заманауи мақта-тоқыма кластеріне тоқталды.

«Түркістан облысында қытай компаниясы суды тиімді пайдаланатын заманауи мақта-тоқыма кластерін құрып жатыр. Үкімет осындай озық тәжірибелердің ел аумағында кең тарауына жағдай жасап, инвесторларға уақтылы қолдау көрсетуі керек», – деді Президент.

Жоба мақта өсіруден бастап, оны өңдеу мен дайын өнім шығаруға дейінгі өндіріс тізбегін қамтиды. Кластер Түркістан қаласын, Арыс пен Отырар аудандарын қамтиды. Кластер аясында 4 150 жұмыс орнын ашуды көздейді.

Қазір өңірде жіп иіру фабрикасы мен мақта өңдеу зауыттары іске қосылған. Келесі кезеңде мата тоқу, бояу-әрлеу және тігін өндірістерін дамыту көзделген.

Жобаның мақсаты – мақтаны шикізат күйінде сатумен шектелмей, оны ел ішінде терең өңдеп, дайын өнім шығару. Өндірісте суды үнемдейтін технологиялар да қолданылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button