
Түркістан қаласында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Шексіз өнер – тең мүмкіндіктер» атты ауқымды мерекелік іс-шара өтті. Кештің басты кейіпкерлері — талантымен жұртты тәнті еткен ерекше балалар.

Мерекелік концертте балалар тек көрермен болып қана қоймай, өздері сахна төрне шығып, ән айтып, би биледі. Сахна шымылдығын түрген өнерпаздар көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлады.

Кештің ең жарқын сәттері ерекше сән көрсетілімі. Балалар подиумда дефиле жасап, сән үлгісін көрсетті. Кәсіби бишілер мен ерекше балалардың қатысуымен заманауи және тақырыптық билер ұсынылды. Шара аясында өнер көрсеткен барлық балаға арнайы мерекелік сыйлықтар табысталды.

«Бұл кеш — балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға және оларға қоғамның қолдауы мен қамқорлығын сезіндіруге бағытталған маңызды қадам болды», — дейді ұйымдастырушылар.
Шара барысында шырқалған әсерлі әндер мен билер Түркістан төрін нағыз мейірім мекеніне айналдырды.



