Әлем тынысыБасты жаңалықтар

25 жыл күткен жеңіс: Харри Кейн — «Алтын доп» иегері атанды

«Бавария» мен Англия құрамасының шабуылшысы Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын доп» иегері атанды. Ол бұл марапатты мансабында алғаш рет жеңіп алды.

33 жастағы футболшы соңғы 25 жылда «Алтын допты» иеленген алғашқы ағылшын болды. Бұған дейін бұл жүлдені 2001 жылы Майкл Оуэн алған.

Кейн 2025/26 маусымында клубы мен ұлттық құрама сапында 65 матч өткізіп, 73 гол соққан. Оның 61 голы «Бавария» құрамындағы 51 кездесуде тіркелді. Сонымен қатар шабуылшы маусым қорытындысы бойынша үздік сұрмергенге берілетін Герд Мюллер жүлдесін де иеленді.

Дауыс беру нәтижесінде екінші орынға Килиан Мбаппе, үшінші орынға Ламин Ямаль жайғасты. Ал бесінші сатыдағы Лионель Месси Усман Дембеле мен Эрлинг Холандтан жоғары нәтиже көрсетті.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button