Басты жаңалықтар

16 отбасының арманы орындалды

Жетісайда жылдар бойы тұрғындарды алаңдатқан мәселе шешімін тапты.

1950-жылдары салынған, апатты жағдайға жеткен екі үйдің 16 отбасы жаңа пәтерлердің кілтін алды.

М.Әуезов көшесіндегі №27 және №29 үйлердің қабырғалары жарылып, шатырлары мен едендері жарамсыз күйге түскен. Тұрғындардың қауіпсіздігіне алаң болған үйлер реновация бағдарламасына енгізілді.


Өткен жылы жаңа баспананың құрылысы басталғанда, отбасылар уақытша жалдамалы пәтерлерге көшірілді. Жалдау ақысы мемлекет есебінен төленді.

Бүгінде құрылыс аяқталып, 16 отбасы жаңа әрі жайлы пәтерлеріне қоныстанды.

«Бірнеше жыл бойы осы күнді күттік» деген тұрғындардың қуанышы кілт табыстау рәсімінде анық сезілді.


Жетісай ауданында тұрғын үй мәселесін шешу жұмыстары жалғасып жатыр. Өткен жылы тұрғын үй кезегінде тұрған 240 азамат баспаналы болған.

Алдағы уақытта аудан орталығындағы көппәтерлі үйлерді кезең-кезеңімен жаңғырту және күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button