Басты жаңалықтар

Шекара асқан миллиондар

Түркістан мен Ташкент 19 млн долларға не істемек?

Түркістан мен Ташкент облыстары арасында бұрын-соңды болмаған ірі келісім жасалды. Екі өңір басшылары Нұралхан Көшеров пен Зойир Мирзаев халықты елең еткізген маңызды меморандумға қол қойып, шекарасыз серіктестіктің жаңа кезеңін бастады. Бұл келісім екі жаққа не береді және Түркістан экономикасын қалай өзгертпек?

«Шекарасыз ынтымақтастық» бизнес-форумы аясында жалпы құны 19,3 млн АҚШ долларынқұрайтын келісімдер бекітілді. Ташкенттен келген 200-ге жуық кәсіпкер Түркістанның әлеуетіне жоғары баға беріп, нақты жобаларды қаржыландыруға дайын екендіктерін білдірді.

«Президентіміздің тапсырмасына сәйкес өңірлер арасындағы байланыс жылдан жылға нығайып келеді. «Біз бауырлас елміз, бірге дамуымыз керек» деген ұстаныммен, форум аясында мемлекет тарапынан 5, бизнес өкілдері арасында 6 меморандум жасалды. Бұл – екі халық үшін де үлкен серпін» — деді, облыс әкімі.

Тек облыс орталықтары ғана емес, Түркістанның өзбек елімен іргелес жатқан Жетісай, Қазығұрт, Сауран және Сарыағаш аудандарының әкімдері де Ташкент облысының аудандарымен тікелей бауырластық келісімдеріне қол қойды.

Халқы 3 миллионнан асатын, Өзбекстанның металлургия, химия және логистика орталығы саналатын Ташкент облысымен серіктестік Түркістан өңірінде мыңдаған жаңа жұмыс орындарының ашылуына және өзара сауда айналымының еселеп өсуіне жол ашпақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button