Түркістан: Келес ауданына 72 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды

Келес ауданында инвестициялық тартымдылық рекордтық деңгейге жетті. 2025 жылы аудандағы негізгі капиталға 71,9 млрд теңге инвестиция құйылып, жоспар 57,2%-ға артығымен орындалды, деп хабарлайды turkistanlife.kz
Жеке кәсіпкерлікті қолдау нәтижесінде 570 млн теңгелік 4 жоба іске қосылып, 155 жаңа жұмыс орны құрылды. Биыл аудан экономикасына жалпы құны 114,8 млрд теңгені құрайтын 16 ірі жоба енгізіледі деп жоспарланып отыр. Олардың толық іске қосылуы 3 186 тұрғынға тұрақты жұмыс береді.

Инвестициялық жобалар қатарында «ECOCULTURE-EURASIA» жылыжай кешені, «Дамона» күн электр станциясы, минералды сусын зауыты және логистикалық орталық бар. Сонымен қатар, асфальт пен темір-бетон өнімдерін өндіретін зауыттар, мал бордақылау алаңдары мен сауда нысандары аудандағы инфрақұрылымды жаңартып, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттырып, өңірдің экономикалық әлеуетін нығайтады.



