Басты жаңалықтар
Оқушылар сабақта смартфон ұстаса, айыппұл салынады
Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, бұл шешім оқушылардың сабаққа толық назар аударуын қамтамасыз ету және оқу процесін тиімді ету мақсатында қарастырылып отыр.
Ал 7 сыныптан жоғары оқитын сынып оқушыларына қатысты шектеулер әзірге талқыланып жатыр. Себебі олар оқу барысында онлайн платформаларды белсенді қолданады және ҰБТ, SAT сияқты емтихандарға дайындық жүргізеді.



