Басты жаңалықтар

Жұмыссыздарға жаңа мүмкіндік

25 адам тегін оқып, жұмысқа орналасады

Түркістан облысында жұмыссыз азаматтарды кәсіптік оқытып қана қоймай, оқуды аяқтаған бойда жұмысқа орналастыруға басымдық берілуде.

Өңірлік комиссия отырысында еңбек нарығындағы сұраныс пен кадр даярлау мәселелері талқыланды. Нәтижесінде Сарыағаш ауданында сұранысқа ие үш мамандық бойынша 25 адам кәсіптік оқуға жіберіледі.


Олар «Тігінші», «Арнайы тігінші» және «Пішуші» мамандықтарын меңгереді. Ең бастысы — оқу дәстүрлі аудиторияда емес, тікелей жұмыс берушінің өндірістік орындарында өтеді.

Бұл тәсіл болашақ мамандарға заманауи құрал-жабдықтармен жұмыс істеуді үйретіп, теорияны бірден тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді. Курсты аяқтаған түлектердің 100 пайызы жұмысқа орналасады деп жоспарланған.

Жиын барысында ауылдық жерлердегі жұмыссыздықты азайту, еңбек нарығына қажетті мамандарды даярлау және білім беру мен өндіріс арасындағы байланысты күшейту бойынша жауапты басқармаларға нақты тапсырмалар берілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button