Басты жаңалықтар

Қарашықтағы ағаш қалашық

Түркістанда нағыз эко-революция

Қарашық өзенінің бойында аумағы атшаптырым — 50 гектар болатын жаңа «Түркістан» экопаркі бой көтеріп жатыр.

Қазірдің өзінде 1000 ағаш егілді, ал алдағы уақытта олардың саны 10 мыңға жетеді. Онда тораңғы, үйеңкі, тіпті өрік ағаштары да бар.  Барлық мүсіндер тас пен ағаштан жасалады, тіпті жарық шамдары да күн панелімен жұмыс істейді.


Отбасымен барып, барбекю жасауға арналған арнайы орындар, әдемі көпірлер мен балаларға арналған ойын алаңдары болады.

Қазір құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Жер тегістеліп, кіреберіс қақпасы бой көтеруде. Көп ұзамай қаламызда табиғатпен етене жақын болатын ең үлкен демалыс орны ашылмақ.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button