Басты жаңалықтар
Бір күнде 512 отбасы үйлі болды

Түркістан қаласында 512 отбасы жаңа пәтер кілтіне ие болды. Нәтижесінде 3 мыңнан астам тұрғын қоныс тойын тойлады.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров тұрғындарға пәтер кілттерін табыстап, құттықтауын жеткізді. Оның айтуынша, өткен жылы облыс бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған 3564 азамат баспанамен қамтылса, биыл тағы 2292 пәтер беру жоспарланып отыр.

Жаңа пәтер иелерінің қатарында әлеуметтік осал санаттағы және көпбалалы отбасылар бар. Бұл азаматтар тұрғын үй заңнамасындағы жаңа өзгерістерге сәйкес «Отбасы банк» арқылы іріктеліп, жолдама алған алғашқы тұрғындардың қатарын толықтырды.


