Басты жаңалықтар

МЕКТЕПТЕРДЕ АС МӘЗІРІ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Жаңа оқу жылынан бастап мектеп асханаларындағы мәзірге қойылатын талаптар күшейтілді. Тізімнен шұжық ысталған өнімдер, майға қуырылған тағамдар, кремді тәттілер, сондай-ақ қант мөлшері жоғары сусындар алынып тасталды.

Олардың орнына ет, балық, құс еті, жұмыртқа, сүт және қышқыл сүт өнімдері, көкөніс пен жеміс-жидек сияқты құнарлы тағамдарға басымдық берілді. Мәзір балалардың жас ерекшелігіне қарай жасалып, тағамның құрамы мен энергетикалық құндылығы ескеріледі.

Сонымен қатар ас дайындау кезінде тұз бен қантты шамадан тыс қолдануға шектеу қойылған. Тәтті газдалған сусындардың орнына ауызсу, сүт және қант мөлшері төмен сусындар ұсынылады.

Тамақтың сапасы да күнделіті тексеріліп отырады.

Дайын тағамды күн сайын мектептің медицина қызметкері немесе жауапты маман тексереді. Бұдан бөлек, комиссия тағамның сапасын, дайындалу технологиясын және санитариялық талаптардың сақталуын бақылайды. Комиссия құрамына мектеп әкімшілігі, медицина қызметкері, асхана өкілдері және ата-аналар қатыса алады.

Жаңартылған талаптардың негізгі мақсаты — оқушыларды қауіпсіз, құнарлы және теңгерімді тағаммен қамтамасыз ету.

Басқа жаңалықтар

Back to top button