Басты жаңалықтар

KEGOC Қазақстанның оңтүстігінде неліктен жарық өшкенін түсіндірді

25 қыркүйек күні таңертең Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі бірқатар тұтынушы электр қуатынсыз қалды. KEGOC компаниясының мәліметінше, бұған Өзбекстанның энергетика жүйесіндегі апат себеп болған.

• Апаттың себебі: Астана уақытымен сағат 05:02-де көрші елдің энергетика жүйесінде жалпы қуаты 1 516 МВт болатын генерация кенеттен ажыратылған.

• Орталық Азияның біріккен энергетика жүйесі тарапынан қуат ағыны күрт артып, «Қазақстанның Солтүстігі – Оңтүстігі» транзиті автоматты түрде бөлінді.

• Қазақстанның энергетика жүйесінде тұтынушыларға қойылған шектеу көлемі 962 МВт құрады. Апатқа қарсы автоматика штаттық режимде жұмыс істеп, үлкен апаттың алдын алды.

Жарық қашан қайта қосылды?

Сағат 05:43-ке қарай Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің Оңтүстік аймағы мен Орталық Азия жүйелерінің қатар жұмысы толық қалпына келтірілді. Өңірлік электр желілері компанияларына тұтынушыларды қайта қосу тапсырылды.

Қазіргі уақытта Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесі штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button