Басты жаңалықтар

КӨМІР ҚЫМБАТТАП БАРАДЫ: БІР ТОННАСЫ ҚАНША?

Қазақстанда көмір бағасы бір жылда 7,9%-ға қымбаттады. Қазір бір тонна көмір өңірге қарай 17–23 мың теңге тұрады.

Ең жоғары баға Түркістанда — 23,1 мың теңге. Ал Қарағандыда тоннасы 16,9 мың теңгешамасында.

Бағаның өсуіне көмірді тасымалдау құны, көмір базаларының үстемеақысы және нарықтағы бәсекелестіктің төмендігі әсер етіп отыр.

Мысалы, 2024 жылғы қаңтардан 2025 жылғы желтоқсанға дейін «Богатырь Көмір» көмірі 58%-ға, Sherubai Komir 61%-ға, «Қаражыра» 16%-ға қымбаттаған.

Күзде көмірге кезек көбейе ме?

Қазір тапшылық жоқ. Бірақ қыркүйек–қазанда сұраныс артса, көмір базалары мен теміржол тұйықтарында кезек пайда болуы мүмкін. Сондықтан тұрғындарға көмірді күн суытпай алып қою ұсынылады.

Биыл билік көмір қоры, жеткізілім және вагондардың қозғалысын онлайн бақылауға мүмкіндік беретін цифрлық жүйе енгізбек.

Жаңа өндірушілердің нарыққа кіруі де оңай емес. Кен орнын игеруге кемінде 4,5–7 млрд теңге, ал ірі өндіруші деңгейіне шығуға 45–95 млрд теңге инвестиция қажет.

Басқа жаңалықтар

Back to top button