Басты жаңалықтар

Түркістан базарларында қауіпсіздік пен тазалық күшейтілді

Түркістан облысында базарлардағы тазалық пен қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Бұл – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасымен елімізде жалғасып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы жұмыстардың бір бөлігі, деп хабарлайды turkistanlife.kz


Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Түркістан қаласындағы орталық базардың санитарлық жағдайын, өрт қауіпсіздігін және келушілерге жасалған жағдайларды тексерді. Арнайы назар сауда орындарының тазалығы, автотұрақтардың қолайлылығы және жалпы тәртіпке аударылды.

– Түркістан – туристер көп келетін өңір. Сондықтан әрбір нысан жоғары талаптарға сай болуы тиіс. Халыққа да, қала қонақтарына да қауіпсіз әрі таза орта қалыптастыру – басты міндет, – деді Зұлпыхар Жолдасов.


Базар әкімшіліктеріне санитарлық нормаларды қатаң сақтау, аумақты жүйелі түрде тазалау және дезинфекциялау, қауіпсіздік талаптарын күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар кәсіпкерлерге қолайлы әрі қауіпсіз жұмыс жасауға жағдай жасау қажеттігі айтылды.

Мұндай бақылау шаралары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button