
Түркістан облысында Орталық Азия бойынша баламасы жоқ, халықаралық деңгейдегі экологиялық тау-курортты қала салынбақ.

Өңір басшысы Нұралхан Көшеров тау туризмі саласындағы әлемдік жетекші компания жетекшілерімен кездесіп, Қасқасу тауларындағы бірегей жобаның тұжырымдамасын бекітті.

Сарапшылар бұл жобаны Францияның әйгілі Куршевель курортының қазақстандық аналогы ретінде бағалап отыр.

Жоба толықтай табиғи материалдардан (тас, ағаш) тұрғызылып, эко-технологияларға негізделеді. Сәулетшілер ландшафтты бұзбай, қоршаған ортамен үйлесетін инфрақұрылым құруды көздеген. Жоба іске қосылғанда өңірде 10 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Жоба сәтті жүзеге асса, Қасқасу тау-курортты қаласы Қазақстанның туристік картасындағы ең ірі тартылыс орталығына айналмақ.



