Миллиардтық демалыс
Биыл Түркістан облысындағы балалардың демалысына бюджеттен 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.

Түркістанда 475 мың бала жазда демалады. Орын жетпеген соң, мемлекет жекеменшік лагерьлерді жалдау үшін бюджеттен 1 миллиард теңге шығындап отыр.
Одан бөлек, Төлеби ауданындағы бұрынғы шекарашылар базасы шұғыл түрде балалар лагеріне айналуы мүмкін.
Биыл балалардың әр қадамын 13 мыңнан астам мұғалім мен студент-еріктілер бақылайды. Билік тек демалыс емес, «тәрбие» мәселесін де қолға алған. Мысалы 98 мың оқушы көгалдандыру мен жөндеу жұмыстарына тартылмақ. Әлеуметтік осал топтағы 1300-ден астам бала мен балалар үйінің 182 тәрбиеленушісі 100% тегін демалыспен қамтылады.
Айта кетейік, облыста барлығы 500 мыңға жуық оқушы бар. Биыл олар үшін 23 сауықтыру лагері жұмыс істейді. Оның 10-ы мемлекеттік болса, қалған 13-і — жекеменшік нысандар
Сонымен, балаңызды жазғы лагерьлерге жібереуді жоспарлап отырсыз ба?



