Басты жаңалықтар

Сайлауда дауыс беру құқығыңызды жіберіп алмаңыз

Сайлау күні тіркелген мекенжайында болмайтын азаматтар кез келген өңірде дауыс бере аласыз.

23 тамыздағы ҚР Құрылтайы депутаттарының сайлауында тіркелген мекенжайыңызда болмайтын болсаңыз, дауыс беру құқығыңыздан айырылмайсыз. Алдын ала есептен шығару куәлігін алып, Қазақстанның кез келген сайлау учаскесінде өз таңдауыңызды жасай аласыз.

Ол үшін өзіңіз тіркелген учаскелік сайлау комиссиясына жазбаша өтініш беріп, жеке куәлігіңізді немесе паспортыңызды көрсетуіңіз керек. Құжатты сенім білдірілген адам арқылы да алуға болады. Бұл жағдайда нотариусқа жүгінудің қажеті жоқ.

Есептен шығару куәлігі сайлауға 15 күн қалғанда беріле бастайды. Ал оны алу дауыс беруге бір күн қалғанда сағат 18:00-де тоқтатылады.

Сайлау күні өзіңіз таңдаған кез келген сайлау учаскесіне барып, есептен шығару куәлігі мен жеке басыңызды куәландыратын құжатты көрсетесіз. Осыдан кейін сіз сайлаушылар тізіміне енгізіліп, дауыс беру бюллетенін аласыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button