Басты жаңалықтар
23-қабаттағы қайғылы оқиға: Оңтүстік Кореяда қазақстандық азамат қаза тапты
Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында құрылыс нысанында қазақстандық азамат қаза тапты. Қайғылы жағдай 29 қыркүйекте болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, қазақстандық азамат ғимараттың 23-қабатында жұмыс істеген. Жұмыс барысында бетон төбенің бір бөлігі опырылып, ер адам үйінді астында қалған.
Оқиғаны Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі растады. Ведомствоның мәліметінше, қазір Корея тарапы қайғылы жағдайдың себептері мен мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр.
Қазақстанның дипломатиялық өкілдігі марқұмның отбасы мен жақындарына қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр.



