Басты жаңалықтар
Шәмші атымен жаңа медаль тағайындалмақ
Құрылтайда ұлттық музыка мен бейнелеу өнерінің өкілдеріне арналған жаңа мемлекеттік марапаттар енгізу ұсынылды. Бұл туралы мемлекеттік наградалар жүйесіне өзгеріс енгізетін заң жобасын таныстыру кезінде айтылды.

Құжат бірінші оқылымда мақұлданды. Ұсыныс бойынша «Шәмші Қалдаяқов» медалі тағайындалмақ. Оны музыка және ән өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан, кәсіби еңбегімен ерекшеленген азаматтарға беру көзделген.
Екінші марапат – «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағы. Ол бейнелеу өнерін дамытуға үлес қосып, кәсіби шеберлігімен танылған өнер қайраткерлеріне берілмек.
Заң жобасын таныстырған Құрылтай депутаты Ләззат Жылқыбаева жаңа марапаттардың ұлттық мәдениетті қолдауға бағытталғанын атап өтті.



