Басты жаңалықтар

Кешіңізді әсем әнмен өткіздіңіз бе?

Түркістандағы «Жасанды көл» саябағы бұл жолы әуенге бөленді. Ашық аспан астында өткен «Түркістан әуендері» мерекелік концертіне жүздеген қала тұрғыны мен қонақ жиналып, жанды дауыстағы ән мен бидің кешін тамашалады.


Сахнада Түркістан қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары өнер көрсетті. Көрерменге «Яссы» халықтық би ансамблі, «Семсер» және «Арнау» топтары, «Ай-Дана» дуэті, сондай-ақ Оразкүл Дәулетова, Досымжан Айдаров, Елнұр Досжанов, Қожа Аманбаев, Мадина Ералиева, Дана Индемесова және Райым мен Дана өздерінің танымал әндерін тарту етті.

Кештің басты ерекшелігі – концерттің жабық залда емес, ашық аспан астында өтіп, тұрғындардың демалысын ерекше атмосфераға бөлеуі болды. Осындай мәдени кештер Түркістанның кешкі өміріне серпін беріп, қала тұрғындары мен қонақтарының бос уақытын мазмұнды өткізуіне мүмкіндік жасап келеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button