Басты жаңалықтар

«ЖОЛ ҚАШАН САЛЫНАДЫ?» — ШАУҒАР ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ 7 НАҚТЫ ТАЛАП ҚОЙДЫ

Түркістанның Шауғар секторында тұрғындар бірнеше жылдан бері шешімін күткен жол, бейнебақылау, мекенжай және кәріз мәселелерін көтерді. Аталған мәселелер Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Ғаппар Амантайұлының тұрғындармен кездесуінде талқыланды.

Кездесуге қала әкімінің орынбасары Бекбол Аманжол, жауапты бөлім басшылары және сектор тұрғындары қатысты.

Тұрғындар өздері тұратын көшелердегі нақты мәселелерді атап, олардың шешілуіне қатысты талаптарын жеткізді.

Көтерілген негізгі мәселелер:

🔹 Рамазан көшесінің қиылысындағы атауы жоқ көшеге жол салу;

🔹 Ғұлама және Амангелді көшелеріне асфальт төсеу;

🔹 шеткі аумақтағы көшелерде кәріз жүйесін толық аяқтау;

🔹 Рамазан көшесіндегі бейнебақылау камерасының орнын ауыстырып, іске қосу;

🔹 Төреқұлов көшесіндегі балалар ойын алаңын қоршау;

🔹 Саржайлау көшесіндегі қайталанған үй нөмірлерін реттеу;

🔹 электронды карталардағы мекенжайлардың нақты орналасқан жерімен сәйкестігін түзету.

Әсіресе жол және инженерлік инфрақұрылымға қатысты мәселелер тұрғындардың басты назарында болды. Олар кейбір көшелерге асфальт төсеу және шеткі аумақтардағы кәріз жүйесін аяқтау қажеттігін айтты.

Жауапты бөлім басшылары әр мәселе бойынша түсініктеме беріп, тиісті жұмыстардың жоспарлары мен шешу жолдарын түсіндірді.

Тұрғындардың ұсыныстары назарға алынып, көтерілген мәселелер бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетіні айтылды. Олардың орындалу барысы бақылауда болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button