Басты жаңалықтар

Қазақстанда жылу беру маусымы қашан басталады?

Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде жылыту маусымы 1 қазанға дейін басталады. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді.

Павлодар облысында жылу беру маусымы 14 қыркүйекте басталды. Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында жылу осы аптаның соңына дейін беріледі.

Сонымен қатар Ұлытау, Абай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарындағы жылу беру нысандары Үкіметтің ерекше бақылауында.

Жалпы өңірлерде күзгі-қысқы кезеңге дайындық бекітілген кесте бойынша жүріп жатыр. Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстарында жөндеу жұмыстары толық аяқталған.

Жылу беру мерзімі өңірлердегі ауа райы көрсеткіштеріне қарай белгіленеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button