Әлем тынысыБасты жаңалықтар

Қазақстан мен Қытай саудасы екі айда 64%-ға өсті

2026 жылдың алғашқы екі айында Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымы 64%-ға өсіп, 9,75 млрд долларға жетті, деп хабарлайды turkistanlife.kz

Қытай Қазақстаннан импортты айтарлықтай арттырып, оның көлемі 5,22 млрд долларды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 152,6%-ға көп.

Екі ел арасындағы ынтымақтастық энергетика, тау-кен, мұнай-химия, көлік және инфрақұрылым салаларында күшейіп келеді. Сонымен қатар, автокөлік өндірісі, ауыл шаруашылығы, жасыл энергия және құрылыс материалдары бағыттарында да жаңа жобалар қарқынды дамуда.

Визасыз режимнің енгізілуі серіктестікті жандандырып, жолаушылар ағынын арттырды. Атап айтқанда, Қорғас әуежайындағы жолаушылар саны 33 мыңға жуықтаған.
Әлемдік жаңалыққа салсақ қалай ?

Басқа жаңалықтар

Back to top button