Басты жаңалықтар

Ұлт рухын ұлықтаған тұлға: Түркістанда Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдығы аталып өтті

Түркістанда мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 95 жыл толуына арналған тағылымды кеш өтті. Жиында ұлт мәдениеті мен тарихи құндылықтарды сақтауға сіңірген еңбегі кеңінен сөз болды.

Кездесу «Өзбекәлі Жәнібеков мұрасының зерттелуі» тақырыбына арналды. Оған қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор Құлбек Ергөбек, тарих ғылымдарының докторы, профессор Хазретәлі Тұрсұн, «Ықылас Дүкенұлы» атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің жетекшісі Бауыржан Жәнібеков және қор президенті Әзел Жәнібекова қатысты.

Басқосуда қайраткердің ана тілін, салт-дәстүрді, ұлттық өнерді дәріптеудегі қызметі айтылды. Сонымен қатар музей саласын дамытуға, этнографиялық мұраны жинақтауға және қолөнерді насихаттауға қосқан үлесі атап өтілді.

Кеш барысында тарихи тұлғаға қатысты құнды жәдігерлер көпшілікке таныстырылды. Ғылыми баяндамалар жасалып, ұлттық өнерпаздар өнер көрсетті. Белгілі әнші Жұбаныш Жексенұлы концерттік бағдарламаға қатысты.

Шараға Арқалықтан келген шығармашылық ұжым да арнайы қатысып, екі өңір арасындағы мәдени байланысты көрсетті. Кеш соңында Түркістан музыкалық драма театрында «Арқалықтың ақ таңы» қойылымы сахналанды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button