Басты жаңалықтар
1200 жетісайлық жұмыспен қамтылады

Жетісайда енді «жұмыс жоқ» деп қол қусырып отыратын уақыт артта қалайын деп тұр. Аудан әкімі Серік Мамытов инвесторлармен келісіп, бірнеше жобаларды қолға алды.
Мысалы индустриялды аймақта жалпы құны 31 миллиард теңгеден асатын 9 бірдей жоба іске қосылмақ. Бұған қоса, өндірістік паркте тағы 5 нысан ашылады.
Бұл дегеніміз 1200-дей тұрғын тұрақты жұмыс тауып, еңбекақы алады деген сөз.
Ауданның экономикасы гүлдеп, зауыттардың түтіні түзу ұшатын күн жақын. Сонымен, Жетісай жастары, білек сыбана жұмыс істеуге дайынсыздар ма?



