Басты жаңалықтар

Мұғалімдердің де жеке өмірі бар: олардың уақытын құрметтеу керек

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдерді жұмыстан тыс уақытта ұсақ-түйек мәселелермен мазаламау керектігін айтты.

Министрдің сөзінше, педагогтің жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін оның жеке уақыты мен демалысына құрметпен қарау қажет.

«Мұғалімнің де демалып, күш жинауына уақыт қажет. Сабақтан кейін педагог дәптер тексереді, келесі сабақтарына дайындалады, бірнеше сыныппен жұмыс істейді», – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Осыған байланысты мұғалімнен ата-аналар чатына жұмыстан тыс уақытта бірден жауап беруді талап етуге болмайды.

Алайда бұл ата-аналармен байланысқа толық тыйым салынатынын білдірмейді. Егер мәселе шұғыл әрі маңызды болса, педагог жауап беруге мүмкіндік таба алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button