Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына жалпы сомасы 815 млн теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетеді. Бұл қайырымдылық бастамасына еліміздің әр өңірінен 17 кәсіпкер атсалысып отыр. Қаражат тікелей қаза тапқандардың отбасыларына беріледі.
Кәсіпкерлердің бөліп жатқан қаржы көлемі:
• Андрей Лаврентьев (Allur Group директорлар кеңесінің төрағасы) пен Шахмурат Муталип (Integra Construction KZ бас директоры) – қаза болған әр әскери қызметшінің отбасына 25 млн теңгеден бөледі.
• Гаджи Гаджиев (SA Construction Group бас директоры) – 100 млн теңге.
• Жұмабек Жаныкулов (Karazhal Operating компаниясының негізін қалаушы) – 50 млн теңге.
• Бахыт Атайбеков, Дмитрий Лактюшин, Акбаржон Исмаилов және Имамзада Шагиртаев – әрқайсысы 10 млн теңгеден.
• Геннадий Зенченко, Александр Куприенко, Сырым Ертаев және Лугмар Буларов – әрқайсысы 5 млн теңгеден.
• Николай Арсютин, Рафаил Гаджибалаев, Манас Ташыбеков, Латипша Асанов және Абдулла Исматуллаев – әрқайсысы 1 млн теңгеден қолдау көрсетеді.
Бұған дейін Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, Мемлекет басшысының тапсырмасымен арнайы мемлекеттік комиссия құрылғанын және тиісті көмек көрсетіліп жатқанын жеткізген болатын. Еске салайық, Президент Жарлығымен 25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.



