Басты жаңалықтар

Газ үшін артық төлеу аяқталды

Түркістанда 283 мыңнан астам үйге «ақылды» құрылғы қойылады

«QazaqGaz Aimaq» АҚ Түркістан өндірістік филиалы аймақта мүлдем жаңа «Aqyl Energy» жобасын іске қосты. Осы бастама аясында 2026-2027 жылдары облыс көлемінде деректерді қашықтан жолдайтын 283 мыңнан астам заманауи зияткерлік газ есептеу құралы орнатылады.

Бұл жүйе қолданылған газ көлемін миллиграмына дейін дәл есептеп, ақпаратты орталыққа автоматты түрде жіберіп отырады. Нәтижесінде тұрғындарды үнемі мазалайтын бақылау тексерулерінің саны айтарлықтай азайып, есеп айырысудың ашықтығы мен қызмет көрсету сапасы мүлдем жаңа деңгейге көтеріледі.

Ауқымды жоба өңірдің газ инфрақұрылымын толықтай цифрландырып, еліміздің газ саласын трансформациялаудың ең маңызды қадамына айналмақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button