Басты жаңалықтар

«АЙЫППҰЛ ЕМЕС, ҚАМАУ КЕРЕК»: БЕКТЕНОВ ТҮНГІ ШУҒА ШАРА ҚОЛДАНУДЫ ТАПСЫРДЫ

Түнде аулада көлікпен қатты музыка қойып, мотоцикл мен автокөліктің дауысымен тұрғындардың мазасын алатын жүргізушілерге қатысты шара күшейтіледі.

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтен мұндай құқық бұзушылықтармен қалай күресіп жатқанын сұрады.

Министрдің айтуынша, жыл басынан бері тыныштықты бұзуға қатысты 782 дерек тіркелген. Барлық құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 55 адам қамауға алынған. Көліктер мен мотоциклдер айыптұраққа қойылған.

Құқық бұзушыларды полиция бейнебақылау камералары арқылы анықтайды. Тұрғындардың 102-ге хабарласуы да ескеріледі.

Бектенов бұл шаралармен шектелмеуді тапсырды:

«Айыппұл емес, қамау керек»,– деді Премьер-министр.

Түнгі уақытта тыныштықты бұзған жүргізушілерге қатысты бақылау күшейтілмек.

Басқа жаңалықтар

Back to top button